Понедельник, 11.12.2017, 08:36
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

- Әңгімемізді сіздің балалық шағыңызға саяхат жасаудан бастасақ. Оқушы Қарақат қандай болды?
- Мен киелі Арқа өңірінің қызымын. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Байғұл ауылында дүниеге келдім. Ата-анам Түлкібай мен Қаламқас - елге сыйлы, қазақы адамдар. Көп балалы отбасында өстім. Отбасымызда тәртіп бірінші орында тұратын. Әсіресе, әкем қаталдау кісі еді. Сол қаталдықтың арқасында жаман болған жоқпыз. Қайта үнемі алға ұмтылып, ата-анамыздың сенімін ақтауға тырыстық.
Жалпы, мен бала кезімнен өнерге өте жақын едім. Үйге қонақ келсе, міндетті түрде ән айтамын. Анамның әшекей бұйымдарын тағып, көйлектерін, тіпті аяқ киіміне дейін киіп алып, үйдегілерге кішігірім концерт беретінім есімде. Бір қызығы, жерге газет төсемесе, «концерт беруден» бас тартады екенмін.
Мектептегі Қарақат математика мен физика сынды пәндерді онша көп жақтырмайтын. Қазақ тілі мен әдебиеті, музыка пәндерін сүйіп оқитынмын. Ұстаздарым көбіне-көп «әнші қыз» де ... Читать дальше »
Просмотров: 57830 | Добавил: Ersa | Дата: 21.01.2010 | Комментарии (10)


-Бейбіт, сіз үшін отбасымен бірге өнерді қатар алып жүрудің өзіндік жүгі де жеңіл емес екенін білеміз. «Өнер жолы ауыр жол» деген нақыл қыздарға арналып айтылған ғой.Сіз үшін де сахна мен отбасын бірдей игеру оңайға түсіп жатқан жоқ шығар?
-«Көпті көргеннен емес, көпті білгеннен сұра» - дейді ғой, қазақ халқы. Мен әуелі Аллаһ Тағалаға екіншіден, ата-анама көп рахмет айтқым келеді. Мені өмірдің қиыншылығына төзе білуге, жақсылықты, қуанышты, мақтағанды да көтере білуге яғни, атағым шыққанда да кеудемді көтеріп көкіректік танытып дандайсып кетпеуге тәрбелеген ата-анамның арқасы. Тіпті тұрмысқа шыққаннан кейін де анам: «күйеуіңді дұрыс қарсы алдың ба? Дұрыс шығарып салдың ба? Енеңе шайыңды бердің бе? Балаңа былай қарадың ба? Арасында сахналық костюміңді тіктіртіп қой, әніңді жаздырып қой, құрбы қыздарыңа да барып қайт, барлық адаммен араласа біл» -деп өмірдегі дәм-тұзы таусылғанша, күнделікті ақылын айтып, дұрыс істемеген жерімде ұрсып та беретін, ... Читать дальше »
Просмотров: 11611 | Добавил: Ersa | Дата: 21.01.2010 | Комментарии (1)


Біз жоғарыда барыс жылы туған әншілерді атап өттік. Енді тура Жаңа жыл күні туған күнін тойлайтын өнер иелеріне тоқтала кетсек. Солардың алғашқысы - «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев. Әнші 1 қаңтар күні түс мезгілінде дүниеге келіпті. Сәкен - Майғазиевтер әулетіндегі тоғызыншы бала болғандықтан, анасын көп қинамай, Құдай маңдайын жарқыратып бере салған көрінеді.

Сәкен үшін әр туған күні ерекше. Көбіне жақын дос-жарандарының, ағайын-туыс, бауырларының арасында атап өткенді жөн санайды. Сүйікті сыйлығы - шын көңілмен, адал ниетпен жасалған сый-сияпат. Ол арзан тұра ма, жоқ қымбат бағаға алына ма, ол жағы аса маңызды емес. Өз басы біреуге сыйлық ұсынғанда да іске асатын, пайдалы зат таңдауға тырысады. «Осы уақытқа дейін қанша сыйлық алғаным есімде жоқ, бірақ мен үшін барлығы бірдей. Мынау арзан, мынау қымбат деп бөліп-жармаймын» дейді әнші. Бұл күні Сәкеннің телефонына да тыныштық жоқ көрінеді. Арасында өзі танитындар да, таны ... Читать дальше »
Просмотров: 1758 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (0)

"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” ЕЛДІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ
«Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды…
Маңдайға басқан жалғыз ұлттық арнамызда ұят жағдай орын алды. Бұл жайында сәл кейінірек. «Қазақстан» арнасындағы «Екі жұлдыз» жобасы ел көңілін аудар¬ған бағдарлама болып тұрғаны рас.Ұйымдастырылу жағынан да, бай сахналық декорация, бүгінгі күн талабына сай безендіру, жақсы жарнама мен танымал жүргізушілер шетелден көшіріліп әкелген жоба¬ның көркемдігін арттырғанын айтуымыз керек. Бірақ онда жөн-жосықсыз орыс тіліне басымдық беру, жүргізуші Баянның батыстық стильге еліктеушілігі көзге шық¬қан сүйелдей көрініп қалатын. Жұлдыздарды іріктегенде кім көрінгендердің кіріп кеткендеріне де куә болдық. Жұлдыз деп елге белгілі есім иелерін айтатын еді, бұлардың ішінде ел аты-жөнін бірінші рет естіп тұрғандар да болды. Парламентте не істерін білмей отырған екі депутат – екеуі де ана тілінде мақұрым, күндіз-түні зейнет ... Читать дальше »
Просмотров: 12803 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (13)


-Әйгерім, өзіңіз жайлы біраз әңгімелеп берсеңіз…?
-Мен 1983 жылы 13 тамызда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келдім. Сол жерде С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияда оқып, білім алдым. Бүкіл тәтті балалық шағым өзімнің туып-өскен сүйікті қаламда өтті. 2000 жылы арман жетегімен әсем қаламыз Алматыға келіп, Абай атындағы мемлекеттік университеттің халықаралық қатынастар факультетінің студенті атандым. Сондай-ақ, Халықаралық Бизнес Академиясының қаржыгер мамандығын меңгердім. Сөйтіп, өз мамандығым бойынша, «Билайн» ұялы байланыс компаниясында төрт жылдай бюджетті жоспарлау жұмыстарымен айналыстым. Осыдан екі жыл бұрын қызметімнен шығып, шет елге оқуға түсуге дайындалдым. Алайда, бұл жоспарым жүзеге аспады. Бұл да Аллаһтың бұйыртқаны шығар. Содан кейін, мені елордамыз - Астана қаласының он жылдығына байланысты түсірілетін «Махаббат жағалауы» атты фильмге басты рөлді сомдауға шақырды. Бұрын-соңды басқа да кинолардың бір-екі эпизодтарында және жарнама роликтерде түсіп жүрг ... Читать дальше »
Просмотров: 11276 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (30)


-Сәкен аға, қазіргі сіз қатысып жүрген «Екі жұлдыз» жобасына қалай шақырылдыңыз?
-Бұл ұсынысты Мейрамбек екеумізге осы жобаның продюсері Динара Адам жасады. Алғашында біз екеуміз де «шықпаймыз» деп, қарсы болғанбыз. Өйткені, біріншіден, біздің жұмысымыздың көптігін айттық. Екіншіден, халықтың өзінің бізге деген сүйіспеншілігі, махаббаты бар, бізге жарнаманың керегі жоқ деп айтқанымызда, олар ренішін білдірді. «Осы қазақтың әншілеріне келгенде осылай бастайсыңдар, бізде шоу-бизнес дамымайды дейсіңдер, сөйтесіңдер де артқа қарай тартасыңдар», деп наз айтқаннан кейін, біз шын мәнінде «неге қатысып көрмеске?» деп тәуекел еттік. Бірақ қайта-қайта жұмыс істеп жатқан жерімізге келіп, міне, осындай жоба болады, ұят болмайды, түсірілім болады, қаншама ауылдағы, елді-мекендердегі, шалғайдағы, сіздерді теледидардан көргісі келетін адамдар көреді дегеннен кейін, «неге халық бізді тек қана «МузАРТтың» концертінен және тойдан ғана көру керек?» деген ой бізді ... Читать дальше »
Просмотров: 1727 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (1)


-Мейрамбек аға, «Екі жұлдыз» жобасына қалай шақырылдыңыз?
-Жобаның продюсері Динара Адам хабарласып, осы жобаға қатысу жайында ұсыныс жасады. Шынын айтсам, бас кезінде бұл жобаға қатысқым келмей, өз қарсылығымды білдірдім. Себебі, конкурс түрінде өтеді деген соң, біреумен жарысқым да келмеді, оның үстіне, «МузАртпен» еліміздің басқа аймақтарына гастрольдік сапармен өнер көрсетіп қайтуды жоспарлап қойған едік. Жоба - жаңа жылға дейін созылатын болғандықтан, «уақыт жағы қалай болар екен» -деп те ойладық. Кейін, «уақыт жағы дұрыс болады, өзіңізбен келісіліп отырады» дегеннен кейін, жобаға қатысуға өз келісімімізді бердік.
-Аталмыш жобада Сәуле Рахметовамен бірге ән айтатыныңызды алдын-ала білдіңіз бе?
-Жоқ, білген жоқпын.
-Сәуле өнер адамы болғанмен де, оның жаны биге жақын. Сәулемен бірге ән айту сіз үшін қаншалықты қиынға соғып жатыр?
-Әрине, өз қиындығы да бар. Себебі, әр айналым сайын, түрлі тақырыпта ән айту қажет болғ ... Читать дальше »
Просмотров: 1519 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (2)

-Қайрат,«Екі жұлдыз» жобасына қалай келдіңіз?
-Аталмыш жобаның продюсері қоңырау шалып, «Біз сізді құттықтаймыз! Сіз «Екі жұлдыз» жобасына қатысасыз»- деп айтты. Бірақ, ол кезде жұбымның кім екенін айтпады. Кейіннен, жобаға қатысу жайлы арнайы құттықтау қағаз келгенде, жұбымның - Линда Нығматуллина екенін бірақ білдім.
-Линда негізінен өнерлі отбасынан шыққан актриса ғой. Дауысы да әп-әдемі екен. Жұптарыңыз сәтті сияқты..?
-Шынымды айтсам, бас кезінде Линдамен жұмыс істеудің өзіндің қиындығы болғаны рас. Өздеріңізге мәлім, Линда -Ресейлік бірнеше телехикаяларға, фильмдерге түскен киноактриса. Линданың Мәскеуде тұрып, қызмет атқарып жатқанына бес жылдай уақыт болған. Неге екенін білмеймін, бастапқыда екеуіміздің тіл табысуымыз қиынға соқты. Әншілік жүгі менде болғаннан кейін, басында бір-екі аптадай ән салуды Линдаға түсіндірумен болдым. Ал жобаның бір-екі айналымынан кейін, барлығы ойдағыдай бола бастады. Қазіргі уақытта, анда-санда келіс ... Читать дальше »
Просмотров: 2914 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (9)

-Мейрамбек аға, алғашқы сауалды- топтарыңызға қатысты көңілімізге көп күдік ұялатып жүрген сұрақтан бастасақ… «МузАРТ» құрылғалы бері бұл топтың халық жүрегіне етене жақын болып кеткені соншалық, бүгінде ел «МузАРТты» көз алдына не Мейрамбексіз, не Сәкенсіз елестете алмайды. Алайда, ел арасында «Мейрамбек пен Сәкеннің арасында үлкен келіспеушіліктер бар екен…» деген гуілдеген әңгіме жүр. Сенейік десек, көңіліміз сенбейді, сенбейік десек, «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз тағы бар. Осыған өз аузыңыздан нақты дәлелді жауап естісек… «МузАРТтан» тағы біреудің кетіп қалуы мүмкін бе?
- Сұрағыңыз орынды. Бізге жанашыр халық қай уақытта біздің әрбір қадамымызға жіті көз салып бақылап, бізде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болып жатқанынан үнемі хабардар болып отырғысы келеді ғой. Енді сіздің сұрағыңызға дәлірек жауап берер болсам, осы біздің «МузАРТ» -«МузАРТ» болып құрылғалы бері мінекей, сегіз жылдан астам уақыт болып қалыпты. Осы жылдар ішінде б ... Читать дальше »
Просмотров: 1854 | Добавил: Ersa | Дата: 04.01.2010 | Комментарии (1)

Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балеринасы Сәуле РАХМЕТОВА: «ТАРИХТА ҚАЛАТЫНДАЙ ІС АТҚАРҒЫМ КЕЛЕДІ…»

* 1969 жылдың шілде айының 11 жұлдызында Теміртау қаласында дүниеге келген;
*1987 жылы - Алматы қалалық Селезнев атындағы хореографиялық училищесін тәмамдаған; *1987-1989 ж.ж. - Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі;
*1988 жылы «Алматы аруы» байқауының бас жүлдегері;
*1989 жылы – «Қазақстан аруы»; байқауының бас жеңімпазы;
* 1995жылы ж. - Мәскеу Мемлекеттік театрының балет труппасының жетекші солисі;
*1995-1996 ж.ж. - Гете атындағы тіл институтын бітірген;
*1999-2008ж.ж. - АҚШ- тың Нью-Йорк қаласындағы Нью Джерси балет труппасының («New Jersey Ballet Company») жетекші солисі;
*2007 жылы – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
*2008 жылдан бүгінгі күнге ... Читать дальше »
Просмотров: 1597 | Добавил: Ersa | Дата: 28.12.2009 | Комментарии (1)

1 2 »
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |