Воскресенье, 28.05.2017, 04:01
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Декабрь » 23 » Аршат тобы
11:19
Аршат тобы


Боранбаев Жәнібек Құлсейітұлы
1988 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қаратөбе елді мекенінде дүниеге келген. 2003 жылы Саз колледжіне түсіп, дирижер мамандығы бойынша тәмамдады. «Аршат» тобының репертуарындағы біраз әндері авторы. Жаны лирикаға жақын Жәнібек бос уақытында ән шығарумен айналысады. Және пианино тартудан еш жалықпайтынын жеткізді.
Серімбетов Қуаныш Қалыбайұлы
1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеген келген. Шымкент қаласындағы Саз колледжін үрмелі соқпалы аспаптар бөлімін бітіріп шыққан. Әкесі Серумбетов Қалыбай марқұм республикаға танымал сазгер. Қуаныш бос уақытында гитарамен ән салғанды ұнатады. Өзі аспаздыққа бейім жігіт. Әсіресе палау дайындағанды жақсы көреді. «Аршаттықтар» Қуаныштың палауына жететін палау жоқ деп зор мақтанышпен айттыJ
Елеуов Еркебұлан Сауранбекұлы
1986 жылы 7 шілдеде Қызылорда облысы Жаңақорған елді мекенінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Түркістан қаласында тұрады. Әкесі күллі қазақ халқына есімі таныс сазгер Сауранбек Елеуов. Әкеден дарыған өнер Еркебұлан бала кезінен әнге әуес болып өсті.
Музыкалық мектептің домбыра бөлімін бітірген. Мамандығы экономист болса да, табиғи талант өнерге әкелді. Хоббиі домбырамен түрлі композициялар шығару.
Ғалым Жаңабайұлы
1988 жылы 19қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Майбұлақ ауылында дүние есігін ашқан. Негізгі мамандығы дизайн, интерьер. Мамандығы өнердің өзгеше түрі болса да, жүректерге әнмен ою салғанды жөн көрген Ғалым қолы қалт етсе, сурет салумен айналысады. Гитара тартқанды, пианинода ойнағанды және бәліш пісіргенді ұнатады.
Жігіттер, сұрақты топтың құрылу тарихынан бастасақ… Естуімше, «Аршат» тобы бұрында «Арман» деген атпен шыққан екен…

Ғалым: Иә, ол рас. Шымкент қаласында бір жыл көлемінде «Арман» деген атпен жұмыс жасадық. Көптеген жетістіктерге жеттік. Он бір ән, екі бейнеклип түсіріп, халық арасында біраз танылып үлгергенімізді айта кеткеніміз жөн. Онан кейін Шымкент қаласында жүре бермей, республика жұртшылығын әнімізбен қуантқымыз келді. Өткен жылы рамазан айында «Дәулет» продюсерлік орталығының директоры Бақытжан Жолдасбековпен танысып, бірге жұмысты бастап кеттік. Алматыға келдік. Бақытжан ағамыз бізге пана болды, бауырына басты. Кез келген қиындықтарда жол сілтейтін, Алланың қалауымен бізге өнер адамының бақытын сыйлап жүрген біздің рухани ағамыз Бақытжан аға.
Еркебұлан: «Дәулет» продюсерлік орталығының ірі ірі жоспарлары бар. Алты ай уақыт ішінде «Аршат» тобы біраз сапалы әндер жаздырды, Ташкент қаласына барып, Баһадүр Юлдашевтің режиссерлігімен «Ғашығым» әніне бейнеклип түсіріп қайттық. Енді жуық арада екінші бейнебаянның түсірілімін бастағалы отырмыз.

Бір басылымдардан сіздердің продюсерлеріңіз Сәкен Майғазиев деп естігенім бар…

Еркебұлан: Сәкен Майғазиев ағамыз бізге үнемі ақыл кеңесін айтып, түзу жол, дұрыс бағыт сілтеп отыратын ұстазымыз. Продюсеріміз деп айта алмаймын. Ал Бақытжан аға біздің демеушіміз. Қазіргі таңда біздің продюсеріміз жоқ. Бірақ бір шетелдік кәсіби маманмен арада келіссөздер жүргізілуде. Жуық арада жаңалықтармен міндетті түрде құлағдар етеміз.

Оқырмандарымызды қандай соңғы жаңалықтарыңызбен қуантасыздар?

Қуаныш: Жаңалық көп. Соның ішінде айта кететіні жақын арада кино түсірмекпіз. «Дәулет» продюсерлік орталығы Бақытжан ағамыздың ұлы Дәулеттің бес жасқа толатын туған күніне орай үлкен бір туындыны дүниеге әкелмекшіміз.Ондағы басты рөлді Дәулет бауырымыз және «Аршат» тобы ойнайды. Саундтрегін де біз орындаймыз.
Жәнібек: Құдай қаласа, кино бір жыл түсіріледі. Келесі жылдың бірінші шілдесінде тұсаукесерін жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір бар күшімізді киноның қызу дайындығына салудамыз. Фильм не Батыс Еуропада, не Ресейде түсіріледі. Ал түсіретін режимссердің есімі әзірге құпия. Алла нәсіп етсе, тек біздің шығармашылығымызға ғана емес, қазақ киносының дамуына өзіндік үлесін қосатын бір керемет туынды дүниеге келетін тәрізді.

Жігіттер, топ болып құрылғаннан кейін жанкүйерлеріңіздің алғаш қолтаңба алған сәттері естеріңізде ме?

Қуаныш: Біздің топта ең алғашқы қолтаңбаны берген де Еркебұлан, жанкүйерден хат алған да Еркебұлан. Әрине, әсері өте мол. Өнер адамының шынайы бақыты халықтың қошеметінде ғой. Қолтаңба алған сәттерде іштей шүкіршілік етемін.

Жалпы қазақ эстрадасында жеткен жетістіктеріңізге тоқтала кетсек…

Жәнібек: «Арман» тобы болып, Шымкентте бір жылдай жұмыс істеп, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. «Оңтүстік жұлдыздары» деген тележобада «Ең үздік топ» атандық. Облыстық әншеруде әндеріміз бірінші орынға шығып, «Ең үздік топ» номинациясымен марапатталдық. Түрлі республикалық байқауларға қатысып, жүлдегер атандық.

Ғалым: «Аршат» болып, үлкен мәдениет пен өнердің ордасы Алматыға келгеннен кейін біраз әндер жаздырып, Бақытжан, Сәкен ағаларымызбен жұмыс жасағаннан кейін республика халқы бізді тани бастады, сұрай бастады. Оның өзі үлкен жетістік. Жақын арадан Шымкент қаласында «Жеті жұлдыз» деген атпен республикалық байқау өткен болатын. «ЕҢ үздік топ» атанып, өзге де түрлі марапаттарды арқалап қайтты. Алла бұйыртса, өзге де жетістіктерімізге болашақта куәгер боласыздар. Халықпен бірге біз де марқаятын боламыз.

Шығармашылықтағы жаңалықтарыңызбен таныстық. Енді халыққа өздеріңіз жайлы аз кем сыр шертпейміз бе?! Төртеуіңіз бірге тұрасыздар, студияда да, дүкен аралағанда да, спорт залда да біргесіздер. Бір біріңізден жалығатын сәттер болады ма?

Ғалым: Жоқ, құдай сақтасын. Біз біраз жылдан бері доспыз, бауыр болып кеттік. Бір бірімізге бауыр басып қалғанымыз сонша, бір сәт көз жазып қалсақ, сағынып қаламыз (күлді). Сондықтан жалығу, бір бірімізден шаршау деген сынды сөздер біздің сөздікте жоқ.

Сонда отбасылы болсаңыздар қалай өмір сүресіздер?

Ғалым: Егерде қиындықтар болып жатса, міндетті түрде оқырмандармен бөлісуге уәде беремін.J

Басында «Арман», кейіннен «Аршат» болып құрылғаннан кейін топпен жұмыс істеу ешкімге қиындық әкелмеді ме?

Еркебұлан: Топтың жемісті жұмыс жасауы, түрлі жетістіктерге жетуі ең алдымен топ ішіндегі бірлікке, сыйластыққа, достыққа негізделеді ғой. Бізде ең алдымен рухани үндестік басым. Бір біріміздің мінезімізді, табиғатымызды өте жақсы білеміз.

Жәнібек: Және топтың бірлігі иманда деп айтар едім. Иманға жүгінген жерде сабыр болады. Адам баласы пенде болғаннан кейін кейде араздасып, сөзге келіспей қалып жатамыз ғой. Сондай сәттерде жігіттер сабырға шақырып, бойларын ашуға жеңдірмей, бір бірімен қол алысып, кешірім сұрауға асығады. Алла әр пендесіне ниетіне қарай береді екен ғой. Құдай қаласа, ниетіміз түзу болса, әлі талай биіктерді бағындырып, халықтың ыстық ықыласына бөленеміз деген үміттеміз.

«Болар елдің балалары бірін бірі батыр дейді» деген бар қазақта. Бір біріңізді мақтай аласыздар ма?

Ғалым: Мақтамайық, мақтанайық та. Ең үлкеніміз Еркебұланнан бастасақ, өте ақылды, білімді жігіт.


Қуаныш: Салмақты ой айта біледі. Ақылын тыңдаудан біз ешқашан жалықпаймыз. Және кітапты өте көп оқиды.

Ал Жәнібек ше?

Ғалым: Жәнібек әдемі әндердің әдемі авторы. Жаны нәзік. Арамыздағы ең момыны да Жәнібек. Өзі сазгер болғаннан кейін ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын әндерінен біле аламыз.

Еркебұлан: Жәнібек ән орындап жатқан кезде талай қыздарымыз келіп жылаған болатын. Қарапайым, ақкөңіл. Негізі жақсы жігіт.

Ғалым?

Қуаныш: Ғалым кез келген нәрсені тереңінен ойлай біледі. Адамгершілігі мол. Үнемі көңілді жүргенді, адамға қуаныш сыйлағанды жөн көреді. Жұмысына тыңғылықты, арамыздағы барлық журналистермен, жанкүйерлермен араласатын жігіт. Әзілден құр алақан емес. Кез келген ортада қалжыңдарымен езуіңе күлкі үйіріп жүреді.

Ал Қуаныш қандай?

Жәнібек: Өте ақкөңіл. Аузын ашса, жүрегі көрінетін, атына заты сай, адамдарға қуаныш сыйлауға асығып тұратын жігіт. Жалпы төртеуіміз де өте бауырмалмыз. Намысты биік қоямыз. Патриотпыз.

Төртеуіңіз үйдің жұмыстарына дейін бөліп алған шығарсыздар?

Ғалым: Иә, Қуаныш тағам дайындайды, Еркебұлан үй тазалайды, Жәнібек ыдыс жуады. Ал мен қоқыс шығару, дүкенге бару сынды жеңіл желпі жұмыстармен айналысамын (күлді).

Шығар машылықтан қолдарыңыз бос уақытта немен айналысасыздар?

Жәнібек: Қазір «Аршат» тобында бос уақыт көп емес. Бірақ бос уақытта құр өткізуді жөн санамаймыз, кітап оқимыз. Кейде футбол алаңынан таба аласыздар. Кей кездері тауға шығып, серуендегенді ұнатамыз.

Оқырмандарымызды төрт жігіттің жеке өмірлері қызықтыратынын естен шығармағайсыздар…

Ғалым: Пенде болғаннан кейін біз де сүйеміз, ғашық боламыз, сүйсінеміз, бізде де құмарлық бар. Бірақ әзірге төртеуіміздің де басымыз бос. Шыны керек, қызға баратын уақыт табыла бермейді. Оның да өз уақыты келер.

Сұқбаттарыңызға рахмет!!!
Просмотров: 1816 | Добавил: Ersa | Теги: Аршат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |