Вторник, 25.07.2017, 23:30
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2010 » Январь » 4 » “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” ЕЛДІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ
09:00
“ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” ЕЛДІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” ЕЛДІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ
«Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды…
Маңдайға басқан жалғыз ұлттық арнамызда ұят жағдай орын алды. Бұл жайында сәл кейінірек. «Қазақстан» арнасындағы «Екі жұлдыз» жобасы ел көңілін аудар¬ған бағдарлама болып тұрғаны рас.Ұйымдастырылу жағынан да, бай сахналық декорация, бүгінгі күн талабына сай безендіру, жақсы жарнама мен танымал жүргізушілер шетелден көшіріліп әкелген жоба¬ның көркемдігін арттырғанын айтуымыз керек. Бірақ онда жөн-жосықсыз орыс тіліне басымдық беру, жүргізуші Баянның батыстық стильге еліктеушілігі көзге шық¬қан сүйелдей көрініп қалатын. Жұлдыздарды іріктегенде кім көрінгендердің кіріп кеткендеріне де куә болдық. Жұлдыз деп елге белгілі есім иелерін айтатын еді, бұлардың ішінде ел аты-жөнін бірінші рет естіп тұрғандар да болды. Парламентте не істерін білмей отырған екі депутат – екеуі де ана тілінде мақұрым, күндіз-түні зейнеткер шал Нидің денсаулығын ойлап жүретін сенатор Ғани Қасымов пен саяси сауаты 23 ақпан Кеңес әскерлері күнін атаумен шектелетін Тәңірберген Бердіоңғаров «Екі жұлдызда» жүр. Әнші керек болса, Бекболат пен Нұрлан секілді әйгілі әншілерді айтпағанда, спикер Орал Мұхамеджановтан бастап, әнді әдемі айтатын талай депутат бар. Бірақ, олардың бәрі арзанқол шоуға келіспей, ерігіп отырған екеуі ғана ентігіп жетіп келген секілді. Сақалы сапсиған алпыстағы сенатордың бір барқырап қойып, селтең-селтең етіп билегенін көргенде қарадай ұяласың… Ал қазылар ал¬қасында да әнді бағалауға қатысы жоқ көлденең көк аттылар көбейіп кеткен. Төрт қазының екеуі немесе үшеуі орыс тілді болып келеді. Олардың көбісі тағы да өз пікірін сағыздай шайнап отырып алатыны тағы бар. 12 желтоқсан күні өткен «Екі жұлдыздың» кезекті қойылымында қазылар ішінде шашы сап-сары болып, қобырап отырған белгілі әнші Нағима Есқалиеваны көргенде шоудың шуы кем болмайтынын сезінгендей едік… Күдігіміз алдамапты, Линда Нигматулина мен Қайрат Түнтековтың дуэті біткен кезде баға берудің орнына, қарқ-қарқ күліп алған Нағима – «Қайрат, ты настоящий девственник. Концерттен кейін қашып кетпе, мені күт», - деп айқайлап, оған өзі мәз болып қарқылдап күлгенін көру қаншалықты масқара еді… Есқалиеваның ессіздігіне ескерту жасаудың орнына «тауып айтылған сөзге» қосыла мәз болған әнші-биші қыздар, жүргізушілер тобы, улап-шулаған көрермендер тобырына қарап, біздің қоғамның қайда бара жатқанын бағамдағандай боласың. Өткенде ғана Мәжілісте депутат Нұрлан Өнербаевтың КТК-ның продюссерлігімен түсірілген «Қайрат-чемпион», Девственник №1» фильмін сойып салғаны белгілі. Сонда журналистерге сұхбат беріп тұрған Бекболат Тілеухановтың осы кинодағы оспадарсыздықтар туралы айта келіп, «Белгілі әнші Нағима Есқалиеваның ішкиімін басынан асырып ойнап отырғаны қандай жиіркенішті» дегенін бүкіл ел естіген болатын. Кеше Парламентте есеп берген Мәдениет және ақпарат министрі, өнер бағасын тамыршыдай тап басатын Мұхтар Құл-Мұхамед те аталмыш фильмнің сора¬қылығын мырқымбайшылдыққа теңеді. Есті сынды естір құлақ Есқалиевада жоқ болғанымен, ұлттық арна «Қа¬зақстанымыз» қайда қарап отыр? «Екі жұлдыз» жобасының жетекшісі Гүлназ Мамасариповаға бәрібір шығар, ұлттық арна редакторлары хабар монтаждалған кезде кесіп алып тастамай ма? «Көкпардағы» ұлттық мүддені қорғаған сөздер мен демократиялық ой-пікірлерді қалт жібермей қағып түсіретін қырағы басшылар мұндай ұлттық ұстанымымызға қара батбақ жағатын бейпіл сөзді бүкіл елімізге жаюға неге жол берген? Әлде «демократия» дегеніміз осы ма? Айпақшы, осы жерде еске түсіп отыр, Есқалиеваны мемлекеттік эфир түгіл, жеке тойларға да шақыру ұятқа қалдырады. Элиталық тойлардың көбінде тойып алып Есқалиева жүреді. Ол өзінің алған ақшасына екі-үш әнін айтып, жас жұбайларға ақ тілегін айтып, жөніне кетсе бір сәрі ғой, 3-4 рет байқадық, біреудің қызығын «шоуға» айналдырады. Таяуда ғана Алматыдағы ең қымбат мейрамханада өткен, біраз шенеуніктер, әкімқаралар мен депутаттар, қаламгерлер, елден келген қариялар қатысқан тойда үйлену тойлары өтіп жатқан, өмірге жаңа қадам жасаған уыздай екі жасқа, әсіресе күйеу балаға әдеттегідей біраз шабуыл жасады. «Ты что, боишься брачной ночи? Первый раз замужем что ли? Не бойся, я помогу. А сразу видно, что невеста первый раз замужем?» деп қарқ-қарқ күлгенде, тойға қатысып отырғандардың ұяты барлары жерге кіріп кете жаздады. Имандылық пен ұлттық дәстүрді ұмытқан көпшілік жастар жағы, әрине, Есқалиевадан бетер есіріп, айқайлап мәз болды. Мен сонда жаңа өмірге қадам басып отырған екі жасқа – ақ шымылдығын жаңа ашып, аппақ сәукеле киген ару қалыңдыққа, сымбатты күйеу жігітке жаным ашыды. Олардың елге қадірлі ата-аналарына, той иесіне жаным ашыды. Бірақ, той иесі Есқалиеваны осымен екінші рет тойға шақырып отыр. Тұңғыш ұлы үйленгенде «Анкара» мейрамханасында да Есқалиева келіп, дәл осы шоу қайталанған. Араласатын достары болуы керек, соған қарағанда… Жаңа үйленіп отырған, баласындай жас бозбалаға бата беріп, ақ тілек айтатын апасы – Есқалиеваның айтып тұрғаны анау, «неке түніңді өткізуге көмектесем» деп, екі жастың тағдыры басталатын қасиетті неке түнін мазаққа айналдырғысы келіп, беті бүлк етпей соғып тұр… Иә, қоянның көжегіндей әншіміз Қайрат Түнтеков те Нағиманың кіші баласындай емес пе? Сонда Нағимаға көзі қарайып, есінен алжасатындай не болған өзі? Бұлай аузына келгенін оттау қандай «имидж», қандай былғаныш «пиар»? Осы жерде есіме түсіп отыр, Есқалиеваға анық девственник керек болса, мен бір ақысыз кеңес бере кетейін. Біздің ауылда, Сыр бойындағы қалың тоғайда бір аңшы танысым бар. Қазір жасы 47-ге қарады, өзі дәу қара, әлі үйленбеген, сүп-сүр бойдақ. Аң қуады, балық аулайды, құс атады. Бүгінгі күннің Мауглиі. Кезінде ешқандай қызды ұнатпай жүріп алды, кейін қыздар мұны кәрісінді ме, әйтеуір елуге жақындаса да әлі салт басты, сабау қамшылы. Нағимаға керек нағыз «девственник». Оның осы уақытқа дейін үйленбей қалай шыдап жүргенін қайдан білейін, әйтеуір, қабан шошқаға құмар… Қалай қолға түсіретінін қайдам, аулайды да жүреді… Естуімше қабанын атып алады, мегежінін (ұрғашысы – кейбір тілшілер жазып жүргендей «аналығы» емес) қақпанға түсіреді. Амалдары көп әйтеуір… Вот, нағыз девственник! Аты жөнін, мекенін тек Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваға ғана sms-пен жіберемін. Доңыз көрсе домалатып жайратып тастайтын дәу қарадан соң… Нағима «девственник» аулауды біржолата қоятын шығар…
Просмотров: 12577 | Добавил: Ersa | Теги: “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” ЕЛДІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ | Рейтинг: 3.2/18
Всего комментариев: 121 2 »
12  
osi oriswa soileitinderdi korsem jinim kainaidi uiat kaida oz tugan ana tilin kurmettemegen adam ...................men aita almaim auzim barmait ondaidi aituga kzak tili turip kaidagi oris tilin soilegeni nesi

11  
апа оныныз ұят.maskara

10  
ескалиеванын осы жасы канша да? тури ажеге уксайды 2 жулдыз дим кызык емес болып кетти

9  
Ескалиева МАСКАРАГО мынауын мен сен! дал мынадай деп ойламап ед!м)(

8  
Блядь, Нагима Ескалиева барып турган жалеп кой...Баягыда сол Нагиманын катысуымен порнофильм бар дегенды естып едым, сенбегенмын. Енды сене бастадым.

7  
МАҒАН ұнамайды қазіргі екі жұлжыз -3 ,қатысущылырдын дауысы жок!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Бейбіт ҚОрған мен Назира Бердалының даустары жок қалай олар әлі жобада жүр!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

6  
Макала орынды жазылган.Нагима апамыздын кылыктары копшиликке унамайды.Оте дорек!.салмактылык деген жок.Ресей эстрадасынын анш!с! Алла Пугачева апамызга уксагысы келед!.Кел!ссе кел!спей калсын.Казактын намысын келт!ред!.УЙЯТ ай!!!!!!!!!НАГИМА АПА УЙЯТай!!!!!!!!!!!!!

5  
Нағима әпке сіз теледидарда өзіңізді тұрпайы және мәдениетсіз ұстауыңызбен қазақ қызы деген қасиетті атты қорлап жүрсіз.Атағыңызға сай болып,сізге қарап бой түзейтін сіңлілеріңізге,інілеріңізге дұрыс үлгі боларлық қылықтар көрсетіп, елдің сынынан қортынды шығарады деп үміттенемін.

4  
Мадина.Есқалиеваны мен баяғыдан ұнатпаймын. Өзін қоғамдық орындарды орында ұстай алмайды. Ақылсыз , ақымақ адамдар сияқты.Екі жұлдыз бағдарламасында айтқан сөздерін естігенде балалары, жолдасы не ойлады екен. Естуімше ұл баласы бар, қалай ұялмайды екен?
Сіз сияқты шындықты бетке айтатын адамдарды сыйлаймын.

3  
Тагы айта кететин жайт, Сауле Рахмедова билеп, сол куни, шыны керек бар казакшасын салып Алтыным деген анди орындап болганнан сон, жургизушилер "Осындай олен айтып журип, билейтин аншилер биздин эстрадада жоктын касы, ал сиз не ойлайсыз" деп Ескалиевадан сурайды. Сойтсе ол кисинин жауап бергени "А что? Например я, и пою и одновременно танцую" деп жауап катады. Енди бул тым орынсыз жауап емес пе, ол не дегени, озин жогары санап.... Осындай бассыздыктар кобеймесе, азаяр емес.

1-10 11-12
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Январь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |