Понедельник, 24.04.2017, 00:35
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Декабрь » 23 » ЕРКІН НҰРЖАНОВ: «БАҚЫТТЫ ЖАРАТУШЫ АЛЛАҺТАН ҒАНА ІЗДЕП-СҰРАУ КЕРЕК…»
11:29
ЕРКІН НҰРЖАНОВ: «БАҚЫТТЫ ЖАРАТУШЫ АЛЛАҺТАН ҒАНА ІЗДЕП-СҰРАУ КЕРЕК…»

-Еркін, қасиетті Рамазан айында Аллаһ Тағала разылығы үшін құлшылық етіп, мұсылманның бес парызының бірі - Меккеге, Умра қажылыққа барып қайттыңыз. Осы сапардан қандай әсермен оралдыңыз?
-Аллаһқа шүкір, қажылыққа бару - екінің біріне бұйыра бермейтін Аллаһтың берген бағы, ақырет күнінде жәннатқа деген аз да болса, үміттің оянуы деп білемін. Мұхаммед с.ғ.с.Пайғамбарымыздың өзі айтқандай, ол - табиғаты жайқалып тұрған жер емес, не болмаса, керемет теңіздің де жағасы емес, бірақ, Аллаһ Тағаланың нұры жауған жер болғандықтан, ол жерде - барлығы бір-біріне мейірім жүзді, жамандық, арамдық ойламайтын адамдар жүреді. Ол елдің барлығының мақсаты бір - өмірдің әрбір сәттерінен Аллаһқа құлшылық етумен азғантай болса да, сауап жинау.

-Сапардан кейін, өз оқырмандарыңызбен қандай да бір өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі сезіміңізбен бөлісер едіңіз?
-Сапардан кейінгі ішкі жан дүниемдегі сезімді толықтай сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Аллаһ Тағалам осындай бақты менің маңдайыма нәсіп еткеніне қатты қуанамын. Аллаһ Тағала осындай бақты нәсіп еткен соң, соған тұрарлықтай іс- әрекет істеу керек деп ойлаймын. Аллаһ Тағалам осындай бақты - әр мұсылман баласының маңдайына нәсіп етсе екен деп тілеймін. Өмір - жалған, өткінші дүние деп бекер айтылмаса керек. с.ғ.с. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Өмірдің құндылығы - оның қысқалығында. Адамдарда «бірінші оң иығымдағы періштемен амандасып, сол иығымдағы періштемен амандаса алмай қалуым мүмкін -деген қорқыныш болуы керек» деп айтқан екен. Сондықтан да, әрбір мұсылман баласы - Аллаһқа құлшылық етуге, Аллаһтың бес парызын орындауға, өмірдің әрбір сәтін, әрбір үмітін сауап жинауға арнаса, сол үшін тырысып күрессе деп ойлаймын. Адам баласы о дүниеде игіліктің жемісін жеу үшін, осы өмірдегі тірлігінде сол жемісті егуі керек деп ойлаймын. Себебі, әр адамға өлім періштесі қашан келетіні белгісіз. Аллаһ Тағала құлдарына «Қолын шын жайып сұраған құлымның алақанын бос қайтаруға ұяламын. Сендер маған жүрсеңдер, мен сендерге жүгіремін» - деп айтқан екен. Көпшілік адамдар «Аллаһ қайда»- деп әр жерден іздейді. Ал Аллаһ Тағала әр адамның жүрегінде. Сондықтан да, әр адам әруақытта өз жүрегінің түбіне үңіле білуі керек, Аллаһ Тағаланың берген иманын әлсіретуге- ешуақытта жол бермеуіміз керек.
-Еркін, жақында өзіңіз жайлы басқа бір басылым беттерінде айтылған түрлі теріс пікірлер тарапы- сіздің жанашыр тыңдармандарыңызды бей-жай қалдырған жоқ. Бұл жайында өзіңіз не айтасыз?
-Барлығына, Аллаһ куә. Шыны керек, мен ол жайында айтып, ақталып жатқым келмейді. Бір адамның «Мынау жаман екен не болмаса, анау жақсы екен» -деп айтуын мен ақымақкершілік деп есептеймін. Бұған халық сене қоймас. Кімнің-кім екенін- халықтың өзі-ақ анықтап алады. Себебі, халықтың көзі соқыр емес. Әрбір адамның өз пікірі, өз ой-санасы бар. Аллаһ өзі кешірсін, ол кісілердің дәл осы жағдайға байланысты айтып отырған сөздерін менің сыртымнан ғайбат айтылған дүние деп айтар едім.
-Ал бүгінгі таңда, шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?
-Дәл қазір, шығармашылығым аздап тоқтау үстінде. Себебі, өздеріңіз білетін баяғы апатты жағдайдан кейін, тағы да біраз емделіп, ауруханада болдым. Одан кейін, халықтың сұрауымен Шымкент, Тараз қалаларын, аудандарын аралап, гастрольдік сапармен халыққа өнерімді тамашалатып қайттым. Біздің еліміздің әдемі өңірлері көп қой. Алдағы уақытта, Аллаһ қаласа, сол өңірлердің барлығын аралап шығу жоспарымда бар.
- Бүгінде продюсеріңіз бар ма?
- Кейінгі кездері менімен жай ғана көмекшім ретінде, администраторым есебінде жұмыс жасаған кісілер болды. Оны көпшілік менің продюсерім деп шатастырып айтып жүр. Ал бірақ, менің жалпы шығармашылық жолымда Ерғали Әбдірайымовтан басқа продюсерім болған емес.
-Қандай ақын-композиторлармен шығармашылық қарым-қатынастасыз?
-Менде «Мына ақын жақсы екен, тек осы ақынмен ғана жұмыс істеймін» деген ойым жоқ. Қай ақын қандай керемет өлең жазады? Әуелі соны сұраймын.Одан кейін, өзімнің жаныма жақын ән кездесіп жатса, тыңдап көремін. Ал жалпы алатын болсақ, бүгінгі таңда Жүрсін Ерман, Жарылқасын Дәулетов ағаларымызбен, Ринат Заитов сондай-ақ, Біржан деген жас ақын інімізбен шығармашылық байланыстамын деп атап айта аламын.
-Еркін, қажылыққа барып келген соң, бұл пәни тірліктің бар болмысына көзқарасыңыздың өзгергені хақ. Ендігі, сіз үшін өмірдің бақыты немен өлшенеді?
-Бақытты әр адам әр жерден іздейді ғой. Менің түсінігімде, бақыт - Аллаһ Тағаланың берген иманы. Өмірге мұсылман болып келгеніміз үшін, өзімізді бақытты сезінуіміз қажет. Сондай-ақ, сол бақытты аялай білу керек. Яғни, Аллаһ Тағаланың берген иманын әлпештеп, сол иман арқылы мәңгілік өмірге дайындалу қажет. Бақыт - намазда, бақыт - Аллаһ Тағаланың саған берген ризық-несібесінде. Аллаһтан шын дұға тілеп, ниет етсең, барлығы бір-ақ сәтте келеді. Кез-келген бақыт Аллаһтың қолында. Пенде болған соң, бақытқа көз тоймайды ғой. Біреу бақытты - ақша деп есептейді, ақшаға адам тоймайды. Енді біреуі бақытты - сұлулық деп санайды, сұлулыққа да адам ешқашан тоймайды. Бұл өмірде байлық, дүниенің барлығына адам баласының көзі еш уақытта тойған емес! Екі көзің көмілгенде ғана, топырақпен тояды.Сондықтан, бақытты жай ғана дүниеден немесе жаратылған нәрседен емес, бақытты Жаратушы Аллаһтан ғана іздеп-сұрау керек деп ойлаймын.
- Өнер адамы болғаннан кейін, сіз көбіне қалың халықтың ортасында жүресіз. Елдің ішінде жүргенде көкейіңізді толғандырар мәселе бола ма?
-Әрине, халықтың ішінде жүргеннен кейін, елдің барлық тіршілігі, болмысы көз алдыңда тұрады. Мен өзім, қазақ деген дархан пейілді, болмысы дара, тегі мықты халықтан туғанымды өз жүрегімде әрқашан мақтан тұтамын. Бірақ, осы халқымыздың жайдары жүзін көтеретін де, оның ұнжырғасын түсіретін де оның ана тілі. Ел ішінде жүріп, көбіне байқайтыным, біздің қоғамда ең әуелі кемшін соғып жатқан үлкен мәселе -ол тіл мәселесі.Қазақтың тіліне деген басқа ұлттың құрметін қойғанда, өзіміздің қазақтың - ана тіліне құрметсіз, салқынқанды қарайтындығы, сондай-ақ, кейбір жастарымыздың өз ана тілінде сөйлеуді намыс көретіндігі мені қатты ойландырады.
-Ал бүгінде түрлі діни-секталарға мүше болып жатқан қаракөз бауырларымызға не ақыл қосар едіңіз?
-Осындай түрлі діни-ұйымдардың байқаусызда құрбаны болып жатқан қаракөз бауырларымыз үшін, Аллаһ Тағалам ол кісілерді ақ жолға салсын деп дұға тілейік!
- Еркін, «Сырт көз сыншы»-емес пе, сізді сыртыңыздан ғана танитынкөпшілік көз: «Еркін көкірек мінезді» деп айтып жатады. Бұған не дейсіз?
-Орыстар: «Адам сырты алдамшы»- деп айтады ғой. Сондай-ақ, қазақта: «Адам аласы ішінде» - деген де мақал бар. Сол айтпақшы, мені сахнадан көріп, сыртымнан қарап, көкірек екен деп айтуға болмайтын шығар деп ойлаймын. Соны айтқан адам ең әуелі менімен аралассын, менің қандай екенімді танып, жан дүниеме үңіліп көрсін - деп айтар едім. Содан кейін- мені көкірек деп айтса, мен ол адамға өкпелемес едім.
-Өз мінезіңізді қалай сипаттайсыз?
-Мен өз-өзімді «мынандаймын» деп айта алмаймын.Қарапайым қазақтың баласымын.Қуанатын жерде, қуанамын, ашуланатын жерде, лажы болса, сабырға келуге тырысамын.
-Отбасын құрып, жанұялы болу ойыңызда бар ма? Өз сүйіктіңізді кездестірдіңіз бе?
-Ақыл-есі түзу әрбір азаматқа үйлену міндет қой! Аллаһ қаласа, өз ойымдағы аруымды кездестіріп жатсам, әрине, отбасын құрамын!
-Өз ойыңыздағы ару қандай болуы керек?
-Кез-келген қыз жаман жігітті қаламайтыны сияқты, кез-келген жігіт те жаман қызды қаламайды ғой. «Маған мынандай қыз ұнайды, анау ұнамайды» деп айтуға болмайды. Аллаһ Тағала сенің жүрегіңе сол қызға деген мейірім берді ме, онда сол қызға үйленесің. Аллаһтың бұйырғаны болады.
-Ырымшылсыз ба?
-Ырымға көп сене бермеймін. «Жолыңды мысық кессе, жолың болмайды» деген сияқты ырымға сенбеймін. Бүкіл өмірің сол мысықтың қолында тұрған жоқ қой!? Расын айтқанда, ол мысық өзінің қайда кетіп бара жатқанын да білмейді.Сондай-ақ, кейбір адамдар жаңа туылған нәрестенің маңдайына күйе жағып қояды. Күйе - өртеніп, өз-өзін де қорғай алмаған нәрсе, сәбиді қалай қорғасын?! Аллаһ Тағала - «Тіл-көзден сақтасын» деп, бізге дұға ету мақсатында Қасиетті Құранды түсірді. Ал енді, екіншіден, жасөспірім баланың дұрыс тәрбие алып өсуіне байланысты қажет ырымдар болып жатады. Мұны негізі ырымнан гөрі тыйым деп айтсақ дұрыс болады.Мысалы үшін, жас баланың қандай да бір қате іс-әрекетке бармауы үшін, «мынаны былай істесең, ол былай болып қалады» деген тәрізді жас баланы алдап, қорқытуы. Ал ақыл-есі тура жетілген адамды ырым арқылы тәрбиелеуге болады дегенге өз басым сенбеймін.
-«Жұлдызбен сырласу» журналының оқырмандарына айтар тілегіңіз?
-Журнал оқырмандарының қазақ әншілерінің ән айтуына көңіл бөліп, шабыттануына үлес қосып отырғандарына көптен -көп алғысымды айтамын. Шындап келгенде, ол кісілердің біз үшін соққан әрбір шапалағы, әрбір сұраныстары бізге шабыт береді. Аллаһ разы болсын! Тыңдармандарымыз ешқашан шаршамасын, көңіл-күйлері түспесін! Біздің әнімізді тыңдап, көңілдеріне қажет дүниесін түйіп, аман-есен жүре берсін деп тілеймін. Ал және бір айтарым- әншінің жеке өміріне қатты қызығып қажет емес деп ойлаймын. Өйткені, әнші - ол халықтың адамы. Сахнада орындайтын әні арқылы халыққа 3-4 минут қана өзін, өнерін көрсетеді. Ал шын өмірде әнші - ол да сүйек пен еттен жаралған адам, ол да пенде. Барлығы өздеріңіз сияқты адамдар, сондықтан, әркімнің жеке өмірі өзіне ғана мәлім болса екен деп ойлаймын.
- Еркін, бүгінгі сұхбатыңызға көп рахмет! Келесі санда қайта жүздескенше, аман- сау болыңыз!
Просмотров: 5991 | Добавил: Ersa | Теги: ЕРКІН НҰРЖАНОВ: «БАҚЫТТЫ ЖАРАТУШЫ А | Рейтинг: 3.0/3
Всего комментариев: 5
5  
Salemetsizbe Erkin aga.men sizdin barlyk anderinizdi suip tyndaimyn.arbir sozinde ulken man-magynasy bar anderinizdi barwa kazak jurty tyndaidy dep oilaimyn.men sizdin kyzylorda jalagaw audanyna kelip jeke konsertinizdi beruinizdi suraimyn.2ret kelip konsert koidynyz ekeuinede baryp tamawaladym.tagy kelip konsert koiuynzdy otinemin.teledidardan siz katysatyn arbir kewti asyga kutgp koremin.ozinizdi ustauynyz,kulgeniniz,kigen kiiminiz ozinizge erekwe jarasady.siz siakty salmakty,imandy,tarbieli,suluda symbatty,akyldy jigitterimiz kobeie bersin.birak olar sizdei bola almaidy.sizdei adam omirde jalgyz-jalgyz.Allah tagalam sizdi til-kozden saktasyn.

4  
Салеметсизбе курметти Еркин ага.мен сиздин барлык оленинизди шын конилиммен унатып тындаймын.сиздин барлык андериниздин сози баска аншилердин андеринен озгеше.сиздин минезиниз,кулген кулкиниз,кабагынызды туйгениниз ерекше,озинизге кушти жарасады.Алла тагалам сизди тил козден сактасын.омир жасыныз узак болып,асем андериниз кобейе берсин.ардайым Алланън назарында,бакыттын базарында болыныз.басыныздан бакыт кусы ешкашанда ушпасын.

3  
Сәлеметсіздерме! мен Еркін ағамыздын өлендерін суйіп тыңдайтын және өнеріне тәнті адамдардың бірімін. Еркін ағамыздын салмақты мінезі мен қоңыр дауысы маған қатты унайды десем артық етпес. Өмірлік жарымның Еркін ағама уқсағанын қалаймын. АЛЛАМ осы тілегімді қабыл етер деп уміттенемін. Еркін ағама шығармашылық табыстар тілеймін.

2  
2 kumisay
erkin dep aytsam doreki bolar sondiktan da sizge dtgtn kurmeti asa zor janede sizdin aur minezdiliginiz katti unaydi. bolawakta sizdey sipayi aur salmakti kezdestirsem keremet bolar edi.
sizge tilerim zor densaulik. mol bakit jane duwpandariniz az --- muldem bolmasin.

1  
Erkin, sizdi mennen artik jaksi koretin adam jok wigar!!!Sizdin Mekke barip,Allaga kylwilik etkeninizge ote kyaniwtimin.Bar arman-tilekterinizdi Alla kabil etsin!!!(aumin)

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |