Понедельник, 24.04.2017, 00:37
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2010 » Январь » 4 » Әйгерім ЖАҢЫЛБАЕВА: «ӘН САЛУДЫ- ҚАЙТСЕМ ДЕ ҮЙРЕНЕМІН!»
08:58
Әйгерім ЖАҢЫЛБАЕВА: «ӘН САЛУДЫ- ҚАЙТСЕМ ДЕ ҮЙРЕНЕМІН!»

-Әйгерім, өзіңіз жайлы біраз әңгімелеп берсеңіз…?
-Мен 1983 жылы 13 тамызда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келдім. Сол жерде С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияда оқып, білім алдым. Бүкіл тәтті балалық шағым өзімнің туып-өскен сүйікті қаламда өтті. 2000 жылы арман жетегімен әсем қаламыз Алматыға келіп, Абай атындағы мемлекеттік университеттің халықаралық қатынастар факультетінің студенті атандым. Сондай-ақ, Халықаралық Бизнес Академиясының қаржыгер мамандығын меңгердім. Сөйтіп, өз мамандығым бойынша, «Билайн» ұялы байланыс компаниясында төрт жылдай бюджетті жоспарлау жұмыстарымен айналыстым. Осыдан екі жыл бұрын қызметімнен шығып, шет елге оқуға түсуге дайындалдым. Алайда, бұл жоспарым жүзеге аспады. Бұл да Аллаһтың бұйыртқаны шығар. Содан кейін, мені елордамыз - Астана қаласының он жылдығына байланысты түсірілетін «Махаббат жағалауы» атты фильмге басты рөлді сомдауға шақырды. Бұрын-соңды басқа да кинолардың бір-екі эпизодтарында және жарнама роликтерде түсіп жүрген болатынмын. Ал ең алғаш, осы - «Махаббат жағалауы» фильмінде басты рөлді сомдадым. Осы фильмнен кейін, бірден «Ағайынды» фильмінің түсірілімі басталып кетті.
- Сіздің меңгерген мамандығыңыз бен істеген жұмысыңыздың өнерге мүлде жақын еместігі анық. Дегенмен, арнайы білімсіз-ақ өзіңіздің актерлық шеберлігіңіз жоғары сияқты. Өнер жолына қалай келдіңіз?
-Менің өмірімде «көшеде жүріп бара жатқанымда режиссер көріп қалып, мені киноға шақырды» деген тәрізді таңғажайып оқиғалар болған жоқ. Бірақ, менің өнер жолындағы алғашқы қадамым, Алматыға оқуға түсуге келген кезімде-ақ басталды десем болады. Алматыға келген соң, «Мақпал» республикалық сән үйінде жұмыс істей бастадым. Ата-анам менің модель болуымды аса құптаған емес. Алайда, өзімнің жүрек қалауым сол болған соң, біржағынан «Мақпал» сән үйінде ашық-шашық, қысқа киімдерді емес, ұлттық нақыштағы киімдер ғана тігетін болғандықтан, ата-анам мұнда жұмыс істеуге өз рұқсаттарын берді. Міне, сән әлеміндегі алғашқы қадамым осылай басталды. Ал киноға келер болсақ, алғаш рет «Көшпенділер» фильмінің кастингіне қатысып, суреттерімді тастап кеттім. Содан бері, маған - кино әлеміне жол ашылды десем, артық айтқаным емес…
-Отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз…?
-Мен қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Әкемнің есімі - Құдайберген «Қазақмыс» корпорациясының кәсіподақ ұйымы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады. Ал анам - Алтынай, дәрігер-терапевт. Өз мамандығы бойынша, спорт кешенінде жұмыс істейді.Өзімнен үлкен Бақыт есімді ағам бар.
-Қазіргі таңда, ата-анаңыз сіздің киноға түсіп, сән үлгілерін көрсетуіңізге деген көзқарасы өзгерді ме?
-Ата-анам менің түскен әрбір киномды тамашалап, әр басқан қадамымды бақылап, үнемі қолдау көрсетіп отырады.«Ағайынды» фильміне түсуге ең алғаш ұсыныс түскен кезде, фильмнің режиссері Ақан Сатаев, мен сомдайтын кейіпкердің аса жағымды емес екендігін ескерткен еді. Сценарийді алғаш қолыма алғанымда, оны бірден әкеме оқыттым. Сценарий әкеме де ұнады. Менің бұл фильмде басты рөлдердің бірін ойнайтынымды естіп, мен үшін өте қуанды.
-Бүгінде сіздің тұрақты қызметіңіз бар ма?
-Жоқ, қазіргі таңда, менің тұрақты қызметім жоқ. Бірақ, алдағы уақытта ағылшын тілін меңгеріп, шет елге барып білім алсам деген үлкен арманым бар. Аллаһ қаласа, оның барлығы болашақтың еншісінде деп ойлаймын.
-Әйгерім, өзіңіздің ұлтыңыз қазақ бола тұра, сіздің өз ана тіліңізде таза сөйлей алмауыңыздың себебі неде?
-Шынымды айтсам, отбасымызда екі тілде де сөйлесеміз. Себебі, анам орыстілді ортадан шыққан, ал әкем қазақ мектебін бітірген, дегенмен орыс тілінде таза сөйлей алады. Мен ең алғаш қазақ мектебінің табалдырығын аттаған болатынмын. Сабағыма да көбіне әкем көңіл бөлетін. Алайда, әкемнің жұмыстан қолы босамай, менің сабағыма жиі қарайласуға жағдайы болмады. Сөйтіп, екінші сыныпта мені орыс сыныбына ауыстыруға тура келді. Анам орыс тілін өте жақсы білгендіктен, маған орыс тілінде оқу аса қиынға соқпады. Жалпы адам баласы қоршаған ортасына қарай бейімделіп кетеді ғой. Менің қоршаған ортам, достарымның көпшілігі орыс тілді болды. Алайда, мен өз ана тілімді құрметтеймін, әсіресе, қазір барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын.
-Ал жеке өміріңізде қандай жаңалықтар бар? Ғашығыңыз бар ма?
- Дәл қазіргі уақытта, менің сүйіктім жоқ. Неге екенін білмеймін, көпшілігі маған сенбейді. Оған бірден бір себеп, өзімнің адам тани білетіндігім деп ойлаймын. Әзірге дәл менің талғамыма сай келетін, менің өмірлік жарым бола алатын, маған демеу, қолдау болатын азаматты кездестірген жоқпын.
-Бүгінде қарапайым халық сізді актриса ретінде ғана емес, сондай-ақ, сахнаға шығып, ән орындап жүргеніңізге де куә болып жатыр. Жалпы, «Екі жұлдыз» жобасына қалай келдіңіз?
-Мен өткен жаз мезгілінде Шымкент қаласында түсірілімде болғанмын.Сол жерде жүргенімде, кино және телевизияға қатысты адамдардың осы «Екі жұлдыз» жобасын талқылап, оны телеэкранға шығаруды жоспарлап жатқандарын құлағым шалып қалды. Сол кезде өзім іштей: «мені де осы жобаға шақырса, қандай ғажап болар еді!»- деп, ойладым да, кейіннен ұмытып кетіппін. Кейін, өзімнің үйімде Сәтбаев қаласында демалып, Алматыға келгеннен соң, екі күн өтпей маған «Екі жұлдыз» жобасының ұйымдастырушылары хабарласып, жобаға қатысу жайында ұсыныс жасады. Бұл жобаға қатысу жайлы өзімнің де іштей ойым болғандықтан, мен бірден келісімімді бердім.
-Ал әншілікке өзіңізді қаншалықты жақынмын деп есептейсіз?
-Бір қызығы, мен музыкалық мектепте оқыдым. Бірақ, нота бойынша ән айту сабағынан менің бағаларым аса жақсы емес еді. Мен көбінесе, түрлі аспаптарда жақсы ойнайтынмын. Егер көпшілік болып ән айтсақ, маған кішкене жеңілдеу тиеді. Ал өзім үшін, жеке орындауда, оның үстіне, тірі дауыспен ән салу маған қиын…
-Ал жобада Сәкен Майғазиевпен бірге өнер көрсететініңізді білдіңіз бе?
- Жобаны ұйымдастырушылар кімнің-кіммен шығатынын алдын ала шешіп қойған. Мені шақырған кезде, өзімнің кіммен шығатынымды білмедім. Кейіннен, Сәкен Майғазиевпен шығатынымды естігенде өте қатты қуандым. Себебі, «МузАРТ» - менің ата-анамның, туған-туыстарымның, достарымның да сүйікті тобы болатын. Енді менің де сүйікті тобыма айналды. Ең қызығы, мен осыдан төрт жыл бұрын «МузАРТ» тобының «Не деген көркем едің» әнінің бейнебаянына түскен болатынмын.
-Қазіргі таңда сізге кәсіби әншімен, яғни Сәкен Майғазиевпен бірге жұмыс істеу қаншалықты қиын немесе оңай?
-Сәкен өте керемет әнші, нағыз азамат. Ол мені әрдайым қолдап, жігерлендіріп отырады. Себебі, мен әнді дұрыс орындап шыға алмай жатсам, көңілім түсіп қалады. Онымен қоса, сын айтушылар да жетіп жатыр. Сахнада көрсеткен әр нөмірімізден кейін, менің «даусы кереметтей, күн сайын сахнаға жанды дауыспен ән салып жүрген» достарым, таныстарым, ағайын-туыстарым хабарласып, «мына жерінде дұрыс айта алмадың, мына жерде дұрыс болмай қалды» деген тәрізді өз ойларын білдіріп жатады. Көпшілік қауым осы жобаны вокалдық конкурс ретінде қабылдайды. Алайда, біз мұны вокалдық конкурс деп есептемейміз, бұл - шоу. Мұнда кәсіби әнші мен өзін басқа қырынан көрсете білген адам екеуі- бірлесіп жасаған дүниесін көрсетуі қажет. Сәкен маған ән айтуды үйретіп жатыр, мен де қолымнан келгенін аямаймын. Бірақ, жоба басында «Сәкен өзінің қалыптасқан сахналық имиджін өзгертуге келіспейтін шығар» деп уайымдағаным рас. Алайда, соңғы рет Тимати мен Алексаның «Когда ты рядом» атты әнін орындап шыққанымызда - ол өзінің әрқилы стильдік тәжірибелерге қорықпай батыл қадам жасай білетінін дәлелдеді. Мінекей, өз ісінің нағыз кәсіби маманы деп, осындайды айту керек! Өз басым, осы «Екі жұлдыз» жобасындағы менің жұбымның дәл Сәкеннің болғанына, оның да жаңадан бір дүние ойлап табуына деген құлшынысының барына қуанамын. Сәкен маған үнемі көмек беріп, мені түсініп, менің даусыма сәйкес әнді таңдап, әрдайым өзінің мырзалығын танытып жүреді. Өзім сахнада әнді дұрыс алып шыға алмай жатсам, Сәкеннің алдында қатты ұяламын. Өйткені, соңғы айналымдарда әділ қазылар бізді төмен бағалап жатыр. Әрине, әділқазы төрелігі кәсіби мамандардың қолында болғандықтан, біз ол кісілердің айтқан сын-пікірлерін тыңдаймыз және ескереміз. Дегенмен, біздер үшін дауыс беруге, біздерді демеуге- көрермен халықтың да әділқазылармен тең бағалауға мүмкіндігі бар болғандығы бізді шын қуантады.
-Асханада қандайсыз?
-Көңіл-күйіме байланысты мен асханада тағамды өте сирек жасаймын. Оның өзінде де арнайы мәзірмен дайындайтын сүйікті тағамдарымды әзірлегенді ұнатамын.
-«Жұлдызбен сырласу» журналына айтар лебізіңіз қандай?
- Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Оқырмандарыңыз көбейе берсін! «Жұлдызбен сырласу» -халықтың сүйікті басылымына айналсын!
Просмотров: 10215 | Добавил: Ersa | Теги: Әйгерім ЖАҢЫЛБАЕВА: «ӘН САЛУДЫ- ҚАЙ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
http://sichonduras.hn/UserFiles/6p5i-105.html
http://www.ilsollievo.it/public/vgC5-35.html
http://trivietphat.vn/js/221D-134.html
http://www.api.lc.it/eDri-74.html
http://archiv.ujkonyvpiac.hu/zzz/WcBk-103.html

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Январь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |