ТАРИХТА ҚАЛАТЫНДАЙ ІС АТҚАРҒЫМ КЕЛЕДІ.. - 28 Декабря 2009 - Новые музыки 2009-2010
Воскресенье, 26.03.2017, 21:58
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2009 » Декабрь » 28 » ТАРИХТА ҚАЛАТЫНДАЙ ІС АТҚАРҒЫМ КЕЛЕДІ..
12:55
ТАРИХТА ҚАЛАТЫНДАЙ ІС АТҚАРҒЫМ КЕЛЕДІ..
Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балеринасы Сәуле РАХМЕТОВА: «ТАРИХТА ҚАЛАТЫНДАЙ ІС АТҚАРҒЫМ КЕЛЕДІ…»

* 1969 жылдың шілде айының 11 жұлдызында Теміртау қаласында дүниеге келген;
*1987 жылы - Алматы қалалық Селезнев атындағы хореографиялық училищесін тәмамдаған; *1987-1989 ж.ж. - Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі;
*1988 жылы «Алматы аруы» байқауының бас жүлдегері;
*1989 жылы – «Қазақстан аруы»; байқауының бас жеңімпазы;
* 1995жылы ж. - Мәскеу Мемлекеттік театрының балет труппасының жетекші солисі;
*1995-1996 ж.ж. - Гете атындағы тіл институтын бітірген;
*1999-2008ж.ж. - АҚШ- тың Нью-Йорк қаласындағы Нью Джерси балет труппасының («New Jersey Ballet Company») жетекші солисі;
*2007 жылы – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
*2008 жылдан бүгінгі күнге дейін - Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет труппасының жетекші солисі;
*«Жизель», «Кармэн», «Ромео мен Джульетта», «Бақшасарай фонтаны», «Эсмеральда», «Дон Кихот», «Ұйқыдағы ару», «Раймонда», «Аққу көлі», «Тілеп және Сарықыз» т.б. спектакльдерінің жетекші солисі;
-Сәуле, алғашқы әңгімемізді өзіңіздің балалық шағыңызға саяхаттан бастасақ..?
-Анамның айтуынша, менің өмірге келуімнің өзі өте қызық оқиға болған. Оның себебі, біздің отбасымыз негізінде Ақтөбе қаласында тұрған екен. Анам мені Теміртау қаласына әпкемнің үйіне қонаққа қыдырып барғанда, босанып қалыпты. Сөйтіп мен 1969 жылы, шілде айының 11 жұлдызында Теміртау қаласында дүниеге келдім. Бірақ, құжат бойынша, менің туылған жерім - Ақтөбе қаласы. Ал кейіннен отбасымызбен Алматы қаласына көшіп келдік. Отбасында үш қызбыз. Өзімнің алдымдағы екі әпкемнің үлкені – Бақтыгүл, мамандығы экономист. Қазіргі таңда отбасымен Мәскеу қаласында тұрады. Одан кейінгі әпкемнің есімі – Марал. Бүгінде жанұясымен Болгарияда тұрады. Оның негізгі мамандығы дәрігер. Бірақ, ол болгар елінде психолог мамандығы бойынша қызмет атқарады. Әкемнің есімі – Лазарь. Әкем 13 жасымда жол апатынан қайтыс болған. Мамандығы - құрылысшы, құрылысқа қажетті заттарды даярлайтын жұмыс орындарында бірнеше жыл қызмет еткен. Ал анамның есімі – Жібек. Анам медицина саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған жан, бүгінгі таңда зейнетте.
–Сөзіңізге қарасам, жанұяңызда сізден басқасының барлығының да мамандығы өнерден тыс екен. Ал сіз балет өнеріне қалай келдіңіз?
- Үшінші сыныпқа дейін жалпы білім беретін орта мектепте оқыдым. Кейін, А.Селезнев атындағы Алматы қалалық хореографиялық училищеге қабылдандым. Осы оқу орнында оқып жүріп, өнерге деген қызығушылығым, құлшынысым одан әрі арта түсті. Мұнда сегіз жылдай білім алып, оны 1987 жылы тәмамдадым. Оқу орнын бітірген соң, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жетекші солист болып екі жыл қызмет атқардым. Ал, 1989 жылы Мәскеу қаласына кеттім. Бес жылдай Мәскеу мемлекеттік театрында балет труппасының жетекші солисі болдым. Одан соң, бес жылға жуық уақыт Германияда тұрдым. Онда Гете атындағы тіл институнда неміс, ағылшын тілін меңгердім. Кейін 1999 - 2008 жылдары АҚШ- тың Нью-Йорк қаласындағы Нью Джерси балет труппасының («New Jersey Ballet Company») жетекші солисі болып өнер көрсеттім. 1988 жылы «Алматы аруы» және 1989 жылы «Қазақстан аруы» атандым. 2007 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері атандым. Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен Астана қаласынан пәтер кілтін табыс етті. Қазақстанға келгеніме бір жылдай уақыт болды. Қазіргі таңда, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қызмет атқарамын. Осы жылдың басында «Тілеп және Сарықыз» халықаралық спектаклінде өнер көрсеттім. Музыкасын жазған – Алмас Серкебаев. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында үлкен деңгейде тұсаукесері болып өтті. Бүгінгі таңда, осы салада кәсіби түрде өнер көрсеткеніме жиырма жылдай уақыт болды. Мен өз өмірімді би шығармашылығымен байланыстырғаныма еш өкінбеймін.
– «Қоғамды тәрбиелеуші күштің бірі - ұстаз»- деп айтып жатады, осы орайда, сізді балет өнеріне баулыған ұстаздарыңыз кімдер?
-Мені өнерге баулыған ұстаздарым өте көп. Ал балерина ретінде халыққа танылып, осындай жетістікке жетуіме себепкер болған ұстазым –Қазақстанның халық әртісі Сара Көшербаева. Өзім білім алған хореографиялық училищенің директоры болған, бүгінде өмірден өткен. Ол кісінің берген білімін, еңбегін ешқашан ұмытпаймын. Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Раушан Байсейітованың да мен үшін өзіндік еңбегі зор, бүгінде театрда бірге қызмет атқарамыз. Ол кісіге де шексіз алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Мәскеуде, АҚШ-та еңбек еткен жылдары көптеген ұстаздарым болды.
- Қазақстанның қай аймақтарында өнер көрсеттіңіз?
-Ең алғаш театрда қызмет еткен жылдары еліміздің Оңтүстік , батыс өңірлерінде гастрольдік сапармен барып қайттық. Кейінгі жылдары елордамыз Астана қаласында жиі өнер көрсетіп жүрмін.
–Сәуле, әңгімемізді «Екі жұлдыз» жобасына қарай ауыстырсақ… Жобаға қалай шақырылдыңыз?
–«Екі жұлдыз» - мен үшін өте қызықты тележоба. Көптеген адамдар «Екі жұлдызды» Ресейлік «Две звезды» бағдарламасының көшірмесі деп айтып жатыр. Бірақ, менің ойымша «Екі жұлдыздың» Ресейлік жобаға қарағанда, өзіндік ерекшелігі, өзіне тән өзгешелігі бар. Өз басым бұл жобаға шақырылып, жобадағы жұбым Мейрамбек болғанына өте қуаныштымын. Сондықтан, менің жолым болды деп ойлаймын. Дегенмен, қанша жыл елімізде болмаған соң, жоба басында Мейрамбек мені, мен Мейрамбекті танымадық. Ал оның есесіне, осы «Екі жұлдыз» жобасына қатысу арқылы мен - Мейрамбекпен, басқа да Қазақстандық өнер иелерімен жақын араласып таныс болдым. Мейрамбекті мен - қазақтың Майкл Джексоны деп айтар едім. Мейрамбекпен бірге ән салғаным - мен үшін үлкен құрмет!
- Дегенмен, сіздің жаныңыз биге жақын болғандықтан, сіз үшін аталмыш шоуда ән айту қиынға соғып жатқан тәрізді?
-Мен жобаның бірінші айналымында «Бұлбұл құс» әнін орындағанда көпшілігі маған «дауысың шиқылдап, дұрыс жеткізе алмадың »-деген сындар айтты. Ал екінші айналымда «менің дауысымды естімедік» - деді. Ал үшінші айналымдағы «Куә бол» әнін орындап шыққанда, «бізге неге билемедіңдер?»-деген сияқты пікірлер айтылды. Дегенмен, алдағы аптадан бастап, өзімнің дауысымды реттеу мақсатында, жеке вокалистпен жұмыс істейін деп жатырмын. Дауысым әдемі, белгілі әнші болмасам да, Мейрамбек халықтың сүйікті әншісі болғандықтан, мен де бар күш-жігерім жеткенше, әнді ойдағыдай орындап, халық ықыласына бөленуге, Мейрамбекті ұятқа қалдырмауға тырысамын. Мейрамбек те алдағы нөмірлерде бұдан да жақсы би билейді деген ойдамын. Егер халқымыз қолдап, финалға дейін өнер көрсететін болсақ, халық көңілінен жүз пайыз шығуға тырысып, өзімізді әлде де жан-жақты көрсетуге уақыт болады деп ойлаймын. –Аталмыш шоудың екінші айналымында тақырыпқа байланысты испан халқының «» фильмінен үзінді ретінде қойған қойылымдарыңыздың халық көңілінен орын алып, өте шынайы шыққаны соншалықты, жоба шартындағы көрермендер алқасы тарапынан белгілі жүйедегі 50 ұпайдан асырып, 54 ұпай алған сәтте қандай сезімде болдыңыздар?
– Ол кездегі қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес… Жобадағы әндердің барлығына Мейрамбек өзі таңдау жасайды. Бұл әнді де Мейрамбек өзі таңдады. Сахналық қойылымның режиссерлық ұйымдастыру жағын да өзі ойластырды. Ал мен тек би жағына көңіл бөлдім. Көрермен көңілінен шығып, біздің жоғары ұпай алуымызға үлкен қолдау көрсеткен халыққа шексіз рахметімді айтамын.
-Жобадағы өзіңізге ұнайтын жұптардан кімдерді атар едіңіз?
–Өзіме, Лидия Кәденова мен Лидо, Қайрат пен Линда, Мөлдір мен Берік, Сәкен мен Әйгерім де өте ұнайды.
–Қазақ әншілерінен кімдерді тыңдайсыз?
- «Үркер», «Ұлытау», Батырхан Шүкенов қазіргі күнде «МузАРТты» тыңдаймын. Бүгінде қазақ өнерінде дауыстары әдемі өте көп жастар өсіп келеді.Шынымды айтсам, бірнеше жыл елде болмағандықтан, олардың есімдерін әлі дұрыс білмей жатырмын.
–Сәуле, сіз бес жылдай Мәскеу театрында, он жылдай Ақш-та қызмет еттіңіз. Осындай ірі шет мемлекеттерде жүргенде, қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
–Батыс елдерінде біздің елдегідей «халық әртісі», «еңбек сіңірген қайраткер» деген тәрізді дәреже берілмейді. Ол жақта атақ-дәрежеңнің болуы маңызды емес, онда ең бастысы, сенің тек аты-жөнің кеңінен таныс болса, болғаны. Ал өзіме келсем, шет мемлекеттерде қызмет еткенімде, менің спектакльдеріме келетін өз көрермендерім, жанкүйерлерім көп болды деп айта аламын.
–Шет тілдерінің қайсысында еркін сөйлейсіз?
-Ағылшын, неміс, орыс тілдерінде еркін сөйлеймін. Ал қазақ тіліне келгенде, аздап қиналып қалатыным рас. Оның себебі, бірнеше жыл шет мемлекетте болдым және кішкентайымнан орыс мектебінде білім алғандықтан болар деп ойлаймын. Бірақ, өз ана тілімді қатты құрметтеймін, үйренуге қатты тырысып жатырмын.
-Әйел бақыты дегенді қалай түсінесіз?
-Әйел адам үшін, ең бірінші бақыт – отбасы. Ана атанып, бала сүю бақытына ие болу. Ал қызмет, атақ-дәреженің барлығы уақытша дүние деп ойлаймын.
–Әйел адам үшін, ең бірінші бақыт - отбасы деп айтып жатырсыз.. Өзіңіз отбасын құрдыңыз ба?
– Германияда тұрғанда неміс ұлтының азаматына тұрмысқа шыққан болатынмын. Ақыры соңында, екеуіміз тіл табыса алмай, екі жаққа кеткенімізге бірнеше жыл болды. Өмірлік серігіңнің өз ұлтыңның азаматы болғаны дұрыс екенін түсіндім. Алдағы уақытта қазақ жігітімен тұрмыс құрамын деген ойым бар.
–Армансыз адам болмайды ғой. Өмірдегі арманыңыз қандай?
-Егер, менің қаражатым болып жатса, балалар үйіндегі жетім балаларға, қараусыз қарт адамдарға өз қол ұшымды созып, қоғамға өз үлесім тиетіндей, тарихта қалатындай іс атқарғым келеді
-Ырымшыл адамсыз ба? Ырымға қаншалықты сенесіз ?
–Шынымды айтсам, қазақ ырымдарын көп білмеймін. Бірақ, өз басым ырымға қатты сенемін…
-Қандай тағамдар ұнайды?
- Француз, италия, қытай, жапон т.б. әр түрлі халықтардың асханасын ұнатамын. Сондай-ақ, етті, мәнтіні, палауды жақсы көремін.
–Ал өзіңіз асханада қандай тағамдарды дайындағанды ұнатасыз?
–Тағам дайындаудың – мен үшін еш қиындығы жоқ. Палау, сорпа және қуырылған картоп, сондай-ақ, әр түрлі салаттарды даярлағанды ұнатамын.
-Алдағы уақыттағы шығармашылық жоспарыңыз қандай?
-«Екі жұлдыз» жобасы аяқталған соң, Мейрамбекпен бірге бейнебаян түсіру жоспарымызда бар. Егер қаржы жағынан демеушілер табылып жатса, келер жылы өзімнің жеке шығармашылық өнер мектебімді ашу ойымда бар.
–Көрермендерге айтар тілегіңіз қандай?
-Бізді қолдап жатқан көрермендерге үлкен алғысымды білдіремін. Еліміз тыныш, халқымыз аман-есен болсын!
–Әңгімеңізге көп-көп рахмет! Сізге шығармашылық табыс тілейміз!
Просмотров: 1528 | Добавил: Ersa | Теги: ТАРИХТА ҚАЛАТЫНДАЙ ІС АТҚАРҒЫМ КЕЛЕ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |