Понедельник, 24.04.2017, 00:39
Главная
Регистрация
Вход
New Muzics & Dj Ers@in 2010
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
New muzics
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 261
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2010 » Январь » 4 » Жаңа жылда туған әншілер
09:05
Жаңа жылда туған әншілер

Біз жоғарыда барыс жылы туған әншілерді атап өттік. Енді тура Жаңа жыл күні туған күнін тойлайтын өнер иелеріне тоқтала кетсек. Солардың алғашқысы - «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев. Әнші 1 қаңтар күні түс мезгілінде дүниеге келіпті. Сәкен - Майғазиевтер әулетіндегі тоғызыншы бала болғандықтан, анасын көп қинамай, Құдай маңдайын жарқыратып бере салған көрінеді.

Сәкен үшін әр туған күні ерекше. Көбіне жақын дос-жарандарының, ағайын-туыс, бауырларының арасында атап өткенді жөн санайды. Сүйікті сыйлығы - шын көңілмен, адал ниетпен жасалған сый-сияпат. Ол арзан тұра ма, жоқ қымбат бағаға алына ма, ол жағы аса маңызды емес. Өз басы біреуге сыйлық ұсынғанда да іске асатын, пайдалы зат таңдауға тырысады. «Осы уақытқа дейін қанша сыйлық алғаным есімде жоқ, бірақ мен үшін барлығы бірдей. Мынау арзан, мынау қымбат деп бөліп-жармаймын» дейді әнші. Бұл күні Сәкеннің телефонына да тыныштық жоқ көрінеді. Арасында өзі танитындар да, танымайтындар да құттықтап, ізгі ниеттерін жолдайды екен.
Ал әнші-композитор Естай Әлікеев 1970 жылы, 17 желтоқсанда өмір есігін ашқан. Бірақ ата-анасы туу туралы куә­лігінде туған күнін 1971 жыл 1 қаңтар деп алыпты. Сол себептен үйдегі жеті баланың кенжесі туған күнін жылдың аяғында, жылдың басында екі рет атап өтеді. Сүйікті сыйлы-ғы - қаламсап. Өзгелерге де қаламсап сыйлағанды дұрыс көреді. «Қымбат бағаға алып, сөреде шаң басып босқа тұрғанша, кішкентай ғана зат болса да, адамға керек дүние болғаны жөн» деп есептейді.
Жас әнші Баян Нұрмышева 31 желтоқсанда туған. Қос мерекеге қатар дайындалатын әнші кейде гастрольдік сапарға шығып кететінін айтады. Биылғы туған күнін қалай атап өтетінін әлі шешіп үлгермепті. Әдетте отбасында атап өткенде, жиналғандар түнгі сағат 12-ге дейін Баянды құттықтап, содан кейін барып Жаңа жылды еске алады екен. Әнші сыйлыққа кітап алғанды ұнататын көрінеді. Бірақ осы уақытқа дейін ешкім кітап сыйлап көрмепті. Ал ерекше есінде қалған сыйлық, ол марқұм жұбайының таң атпай барып гүл алып келгені. «Қай уақытта тұрып кеткенін білмеймін. Таңертең жетіде есіктің қоңырауы шылдырлады. Барып ашсам, бір құшақ гүлмен тұр. Әдеттегі сый болғанымен, шын жүректен, ерекше сезіммен ұсынылғандықтан, есімнен кетпейді» дейді ол.
Просмотров: 1629 | Добавил: Ersa | Теги: Жаңа жылда туған әншілер | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Январь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • | Copyright MyCorp © 2017 | Бесплатный хостинг uCoz |